Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлыбритания балаларға зиянды тағамдарды жарнамалауға тыйым салды

Кеше, 07:48
286
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ұлыбританияда балаларға арналған зиянды тағамдарды интернетте жарнамалауға толық тыйым салынды, ал теледидарда мұндай жарнамалар тек кешкі сағат 21:00-ден кейін ғана көрсетіледі. Шара балалар арасындағы семіздіктің өсуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Шектеулер құрамында қант, май және тұз мөлшері жоғары өнімдердің 13 санатына қатысты. Олардың қатарында қантты сусындар, чипсы, тәттілер, балмұздақ, пицца және мұздатылған тағамдар бар.

Үкімет мәліметінше, бастауыш мектеп жасындағы балалардың 22 пайызы, ал мектеп бітірушілердің 35 пайыздан астамы артық салмаққа немесе семіздікке шалдыққан. Билік жаңа ережелер балалардың калория тұтынуын азайтып, семіздікпен күреске серпін береді деп отыр.

Заң Ұлыбританияда бұрын енгізілген «қант салығы» саясатының жалғасы болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы