Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Әсел ӘБІЛБЕК
7 Мамыр 2025, 17:50
1056
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  Артем Чурсинов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов Артем Чурсинов

Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел үшін маңызды мерейтойға арналған салтанатты іс-шараға түрлі күштік құрылымдардың үздік әскери бөлімдері қатысты.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Әскери парад Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобының алаңға Мемлекеттік Ту мен Жеңіс Туын алып шығуымен басталды. Салтанатты шеруді Қарулы Күштердің Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Басты алаңда Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов сап түзеген әскери бөлімдерді көлікпен аралап шығып, олармен әскери тәртіпке сай сәлемдесті. Сапта – Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік күзет қызметінің арнайы жасақтары бар.

Министр әскери бөлімдердің дайындығын жеке өзі тексеріп, парадтың өту барысымен толық танысты. Одан кейін Руслан Жақсылықов Жоғарғы Бас Қолбасшы – Президент Қасым Жомарт Тоқаевқа парадтың өтуіне толық дайын екенін баяндау үшін трибунаға көтерілді.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Шеруді Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы елордалық Әскери колледждің барабаншы кадеттер ротасы бастады.

Шерудің ТАРИХИ БӨЛІГІ басталды.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Трибунаға «Шпагин» және «Максим» пулеметтерімен қаруланған солдаттар жақындап келеді. Соғыс жылдары ержүрек жауынгерлердің қолындағы негізгі қару осы болған. 

Қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлованың ерліктерін еске салатын әскери сап өтті. Шерудің бұл тобын «Шығыс» өңірлік әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Жеңіс Маралов басқарды.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Орталық трибунаның алдынан Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері басқармасы офицерлерінің парадтық тобы салтанатты түрде шеру жасап өтті. Бұл – еліміздегі ең көпсанды әрі стратегиялық маңызы зор әскери құрылым. Құрлық әскерлері – Қазақстан Қарулы Күштерінің негізін құрайтын, қару-жарақ пен жауынгерлік іс-қимылдар тәсілдері жағынан әмбебап құрылым. Бұл әскер түрінің сарбаздары Отан қорғаушы атағын зор мақтанышпен алып жүреді. Олар әскери антқа адал және ел қауіпсіздігі жолында кез келген күрделі тапсырманы орындауға дайын.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Құрлық әскерлерінің жауынгерлік рухы, батылдығы мен кәсіби шеберлігі – жас буынға үлгі.
Саптың алдыңғы шебінде – Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Қуанышбек Үштаев. Ол II дәрежелі «Даңқ» ордені мен «Жауынгерлік ерлік үшін» медалінің иегері.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Әскери парад барысында алаңға Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысы басқармасының парадтық тобы шықты. Бұл әскер түрі – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін қорғауға жауапты маңызды құрылым. Әуе қорғанысы күштері ел шекарасының аспандағы шебі саналатын әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар – Қазақстанның бейбітшілігі мен тұрақтылығының сенімді кепілі. Соңғы үлгідегі заманауи қару-жарақ және техникалық құралдармен жабдықталған бұл әскерилер кез келген әуе қауіпіне тойтарыс беруге дайын. Аспанымыздың әрдайым ашық, еліміздің тыныштығы бұзылмауы – осы бөлімшенің жауапкершілігінде.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Әскери парад барысында орталық алаңмен Әскери-теңіз күштерінің парадтық тобы жүріп өтті. Жауынгер-теңізшілер – елдің теңіз шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіби әскери құрылым. Офицерлер, старшиналар мен матростар Каспий теңізінде өткізілетін оқу-жаттығуларда жоғары шеберлік пен үйлесімді іс-қимылдарымен көзге түсіп келеді. Олар Каспий маңы елдерінің әскери-теңіз күштерімен бірлескен жаттығуларға тұрақты түрде қатысып жүр. Әскери-теңіз күштерінің сарбаздары өз кәсібилігін бірнеше мәрте дәлелдеген. Олар Мәрмәр, Қара, Азов және Каспий теңіздерін, Босфор мен Керчен бұғаздарын, сондай-ақ Дон және Еділ өзендерін, Цимлян су қоймасын кесіп өтті. Мәрмәр теңізі мен Каспий теңізі арасындағы үш мың мильден асатын қашықтықты бағындыру – олардың табандылығы мен теңізшінің нағыз болмысын айқындады.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Парад сапын Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, вице-адмирал Серік Борамбаев бастап келеді. Ол – ІІ дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегері.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Салтанатты шеруде кезек Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне келді. Бұл – ерекше дайындықтан өткен, ел қорғанысының алдыңғы шебінде жүретін кәсіби жауынгерлер. Арнайы операциялар күштерінің сарбаздары – күндіз-түні, кез келген жағдайда қарсыласқа жедел және тиімді тойтарыс беруге қабілетті. Бұл бөлімге іріктеу қатаң талаппен жүргізіледі. Әрбір жауынгер – темірдей төзім, ұстамдылық және мызғымас рухтың үлгісі.

Арнайы операциялар күштері – төтенше жағдайларда ең күрделі тапсырмаларды орындай алатын элиталық құрылым. Олар үнемі жауынгерлік дайындық пен оқу-жаттығулар арқылы шеберлігін шыңдап отырады. Бөлімше әскери ғана емес, халықаралық деңгейде де жауапкершілік арқалап жүр – БҰҰ аясындағы бітімгершілік миссияларға да қатысуда.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Олардың ұраны – «Біздің күшіміз – бірлікте!» – бұл жауынгерлердің рухын, ұйымшылдығын және қайсарлығын айқын көрсетеді. Парад сапын Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полковник Айдос Мырзахметов бастап келеді.

Салтанатты парад алаңымен Қарулы Күштердің элитасы — Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің парадтық тобы жүріп өтуде. Бұл әскер түрі — Жоғарғы Бас қолбасшы резервінің негізі саналады. «Қанатты жаяу әскер» атанған десанттық бөлімшелер әскери шиеленіс ошақтарында қысқа мерзімде маңызды тапсырмаларды орындауға қабілетті. Олар жоғары маневрлік мүмкіндігімен және тез әрекет ету дағдысымен ерекшеленеді.

Бұл әскер түрінің ұраны — «Бізден басқа ешкім емес!» — жауынгерлік рух пен жауапкершілікті айқын көрсетеді. Десанттық-шабуылдау әскерлері — батылдықтың, кәсібиліктің және ел алдындағы адалдықтың символы. Олар әрдайым кез келген жағдайға дайын.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Алаңда Қазақстан Қарулы Күштері Әскери полициясының парадтық тобы сап түзеп келеді. Бұл бөлімше — заманауи техникамен, автономды байланыс жүйелерімен және бірыңғай басқару жүйесімен толық жабдықталған. Әскери полиция қызметкерлері тек әскери тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, ел басына күн туған сәттерде де алдыңғы қатардан табылып жүр. Олар Арыс қаласындағы төтенше жағдай, Семей орманындағы өрт және былтырғы су тасқыны кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, гуманитарлық көмекті жеткізу сияқты маңызды міндеттерді атқарды. Сонымен қатар тұрғындарды эвакуациялау мен өрт сөндіру жұмыстарына белсене қатысты.

Парадтық сапты Әскери полиция бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары — штаб бастығы, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері, полковник Ерік Бакирбаев бастап келеді.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Трибунаға қарай Ұлттық ұланның парадтық тобы салтанатты түрде жақындап келеді. Бұл бөлім – ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолында алдыңғы шепте тұрған құрылым. Елордалық бригада сарбаздары полиция күштерімен бірге қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті күзетеді. Сонымен қатар ірі халықаралық, қоғамдық-саяси және спорттық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ұлттық ұлан – бейбіт күннің батырлары. Парадтық сапты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері, генерал-майор Бауыржан Абжанов бастап келеді.

Әскери парадты Ішкі істер министрлігінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы жалғастырады. Бұл бөлімше – қауіп-қатерге қарсы қасқайып тұрар, ұтқыр әрі жоғары дайындықтан өткен кәсіби мамандардан құралған.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Арнайы мақсаттағы бұл жасақ еліміздегі аса күрделі операцияларға қатысып, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жүргізеді. Сонымен қатар жалпыұлттық ауқымдағы іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл сарбаздар – батылдық пен қайсарлықтың символы. Олар бейбіт күннің бейресми қаһармандары, туған елінің тыныштығын күзеткен патриот жауынгерлер. Парадтық топты Ішкі істер министрлігі Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің бастығы, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің және «Ерлігі үшін» медалінің иегері, полиция генерал-майоры Сабыр Жүсіпбеков бастап келеді.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Әскери парадты Мемлекеттік күзет қызметінің жаяу әскер лектері аяқтайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі – елдің ең таңдаулы әрі беделді әскери құрылымдарының бірі. Мемлекеттік күзет қызметінің парадтық тобына өз ісіне, Отанына шын берілген үздіктер іріктеліп алынған. Бұл рота еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты. Олар – мықты ерік-жігердің, адалдықтың және өз миссиясын мінсіз орындаудың үлгісі. Парадтық сапты Ұлттық қорғаныс университетінің үздік түлегі, «Айбын» президенттік полкінің командирі, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері полковник Ерлан Гайса бастап келеді.

Әскери парадтың келесі бөлігінде – әскери техника үлгілері көрсетілді.

Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Әскери парадқа 4 мыңнан астам жауынгер қатысып, 200-ден астам жауынгерлік техника мен қару-жарақ түрлері және 60-тан астам әуе кемесінің әлеуеті көрсетілді.


 

Өзгелердің жаңалығы