Ұлы қытай Қорғанына саяхат

29 Шілде 2022, 12:06
27439
Бөлісу:
Ұлы қытай Қорғанына саяхат
PHOTO
Фото: автордан

ҚХР Бейжің, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Қытай қорғаны – аспан асты елінің символы. Сондай-ақ Қытайға келген барша туристің қызығушылығын тудыратын көрікті әрі тарихи жерлердің бірі екені сөзсіз.

Ұлы Қытай қорғаны – әлемдегі ең ұзын қабырға, ерекше сәулет ескерткіші және Қытайдың ең танымал жері. Ол әлемнің жеті кереметінің бірі есептеледі, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінің қатарына да енгізілген. 

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Қорған күрделі рельеф пен тік таулар арқылы жүздеген шақырымға созылады. Яғни ол Қытай Халық Республикасының солтүстік аймақтарына, Ляониннен Цинхайға дейінгі 17 провинцияның аумағы арқылы созылып жатыр.

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

2012 жылы жарияланған археологиялық зерттеулерге сәйкес, Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 21 196 шақырымға жетеді. Биіктігі шамамен 6-7 метр, кейбір жерлерде 10 метрге дейін жетеді. Ал оның қалыңдығы шамамен 5-8 метр.

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны әскери қорғаныс және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды.

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Қазақтың ежелгі аңыздарында бұл қорған сол кездегі Хуанхэ aлқaбын мекен еткен қытай тайпалары біздің көшпелі ата-бабаларымыз ғұндардан қорғану үшін тұрғызғанын айтады.

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) тұсындa салына бaстaғaн. Ол кезде Хуанхэ aлқaбындa жеті шағын патшалық жеке өмір сүрген. Пaтшалықтар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғызa бaстaды. Кейін б.з.б. 221 жылы тұңғыш имперaтор Цинь Шихуaнди aлты пaтшaлықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. 

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Хaнь империясы кезеңінде қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, қиратылған жерлерін Қытайды билеген әр патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. 

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең үздік техникасын пайдаланған. Олар биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түскен. 

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Шығыста Бохай жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 шақырымға жетті. Негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7-8 метр болса, табанының ені 6,5 м, үстіңгі жағының ені 5,8 метр болды.

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2-3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Ол жерде гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне белгілі бір қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отырған. 

1961 ж. ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді. 

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Әлемнің 7 кереметінің бірі – Ұлы Қытай қорғанын Қытайда жиналған шетелдік БАҚ өкілдері де бағындырды. Олар Ұлы Қытай қорғанының «Цзюйюнгуань» бөлігін аралады. 

«Цзюйюнгуан» - Ұлы Қытай қорғанының маңызды бөлігі. Биік тау шыңдарымен, ғасырлар бойы созылған тау бұлақтарымен, жайқалған өсімдіктерімен табиғаты таңғажайып жерге Цин патшалығы кезінде «Пекиннің сегіз ерекше жері» арасында «Цзюйюн биіктігі» деген ерекше атау берген.

Ұлы қытай Қорғанына саяхат

Қытайдың қоғамдық дипломатия қауымдастығының шетелдік журналистерге арналған бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Бұл менің Қытай еліне алғаш рет келуім. Осы бір айдан аса уақыт ішінде басқа да шетелдік әріптестеріммен танысып, дос болып кеттік. Бұл бағдарлама бір жағынан осынысымен қызықты. Екіншіден, Қытайдың экономикасы, мәдениеті және басқа да салаларының қалай дамып жатқанын өз көзімізбен көріп, танысып жатырмыз. Міне, бүгін Қытайдың ғана емес, әлемнің ең керемет туристік жерінің біріне айналған Ұлы Қытай қорғанына келдік. Қорғанға көтерілу мен үшін ерекше әсер қалдырды. Себебі табиғаттың пейзажын өз көзіңізбен көріп, шаршағаныңызды ұмытып, ерекше күйде боласыз. Алдағы уақытта басқа да қызықты экскурсиялар көп болады деп ойлаймын, - дейді өзбекстандық журналист Динара Нығматуллаева.

Шетелдік журналистер Қытайдың қоғамдық дипломатия қауымдастығының (CPDA) Қытай халықаралық баспасөз орталығының (CIPCC) 2022 жылғы бағдарламасына қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Африка және Латын Америкасы елдерінің БАҚ өкілдері бар.

Өзгелердің жаңалығы