«Ұлы Дала жорығы-2024» эпикалық марафон-бәйгенің жеңімпаздары бүгін белгілі болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін, 23 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтары «Ұлы дала жорығы» көпкүндік марафон-бәйгесінің майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне куә бола алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салтанатты шара сағат 19:00-де Көкшетау қаласына кіре берістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументінде өтеді.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Биыл жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыды.
Жеңімпаздардың марапаты: Бас жүлде - 15 000 000 теңге, 2 орын - 10 000 000 теңге, 3 орын - 5 000 000 теңге.
Сонымен қатар, алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).
Жобаның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы.
Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.
Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.
«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.