Ұлтымызды құртып жатқан құмар ойынды тоқтататын кез келді - Нартай Аралбай

11 Қазан 2023, 12:15
1840
Бөлісу:
Ұлтымызды  құртып жатқан құмар ойынды тоқтататын кез келді - Нартай Аралбай
Фото: Мәжілістен

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбай Үкіметке құмар ойындарға қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат, құмар ойынның жетегінде жүріп, ажырасуға себеп болған отбасылар мен қылмысқа барғандардың санына тоқталды.

Елімізде қазір 350 мыңнан астам азамат құмар ойынның инесіне отырған. 2019 жылмен салыстырғанда өткен жылы құмар ойындар мен бәс тігу 40 есеге көбейген. Букмекерлік кеңселердің 1 жылдық қаржы айналымы 1 трлн теңге болған. Лудомания дертіне шалдыққан 174 мың жас қазақстандық 36 млрд теңгеге бәс тіккен. Қазір құмар ойын ойнайтындар қылмыскер болып жатыр. Өткен жылы 157 мыңнан астам қылмыс жасалса, соның 20 % -ы құмар ойынға құныққандардың қатарында. Суицид жасаған 3676 отандасымыздың әр бесіншісі лудомания дертіне шалдыққан деген дерек келді. Лудомания бір адамның тағдырын құртпайды тұтас отбасыларды бүлдіреді. Елімізде ажырасқан әр 10 отбасының 7-еуінде жанжал лудомания дертінің салдарынан шыққан, - деді ол.

Оның айтуынша лудоманиямен күресудің орнына жарнама жсалып жатқанын айтады.

Ал біз қалай күресіп жатырмыз? Біз мына қоғамдық көліктердің сыртын, тұрғын-үйдің қасбетін лудоманияның жарнамасына бердік. Дәл осы мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан еді. Мәселе айтылды. Бірақ биліктің не күтіп отырғаны түсініксіз. Былтыр «Amanat» партиясының депутаттары лудоманияға қарсы заң жобасын дайындады. 50-ден астам түзету бар. Үкіметтің қарауына жіберді. Арада бір жыл өтті. Есеп-қисап дайын емес. Билік кімнің қас-қабағын бағып отыр. Ұлттық спорт алаңдары, көкпар мен бәйгенің барлығы тотализатрдың орнына айналып кетті. Ұлтымызды сақтаймыз деп жүргенде ұлттық спортымызды құмар ойынның алаңына айналдыру кімге керек болғанын сұрағым келеді.Ұлтымызды, жұртымызды құртып жатқан құмар ойынды тоқтататын кез келді ғой, - деді депутат.

Өз кезегінде, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл өзекті мәселе екенін жеткізді.

Қазақстанда «Ойын бизнесі туралы» заң 2007 жылы қабылданыпты. Қазір оның ішіндегі нормалар бүгінгі өзгерістерге жауап бере алмайды. Мәселен жарнамаға қатысты ешқандай шектеу жоқ. Балалардың ойынына қатысты ешқандай шектеу жоқ. Сондықтар сіздер бастама көтеріп, ұсынған түзетулерді құзыретті органмен бірге қарап шықтым. Қазір біз 16 бизнеске шектеу салатын, сіздердің және біздің ұсыныстарымыз бар. Соларды Ұлттық экономика министрлігімен қазір қарап, сегізін (ұсынысты) тәмамдап жатырмыз. Оны ендігі аптада бітіреміз. Сегізі келесі айда бітеді деп отырмыз. Содан кейін алдыңызға келеміз ,- деді Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Тамара Дүйсенова, заңды өзгерту керек екенін жеткізді. Шетелдік тәжірибелерді де қарап жатқанын атап өтті.

Негізгі мәселе неде? Біріншіден, заңды өзгерту керек. Нені қараймыз? Қазір шетелдік тәжірибені қарадық. Жалпы ойын тәртібі бар. Оған сәйкес азаматтарға ойын қанша уақыт ойналуы керек? Оның лимиті болуы керек. Қанша ставка қою керек? Оны лимиті болу керек.Содан кейін қанша сумма болу керек? Соның лимиті болуға тиіс. Соны бірінші шектеу деп беріп жатырмыз. Екіншіден, жарнама жөнінде. Өте дұрыс айттыңыз. Шетелдік тәжірибеге қарасақ, бірде бір сыртқы жарнама құмар ойындарда болмауға тиіс. Сыртқы жарнама құмар ойындарын көрсетпеуі керек. Сондықтан жарнамаға шектеу салу жөнінде толық тыйымды көрсеттік. Енді тек букмекерлік кеңсе отырған жерлерде және спорттық телеарналарда жарнама жасауға болады дегенді қарастырып отырмыз. Үшіншіден, жаңа сіз өзіңіз айттыңыз, олардың жұмысында көлеңкелік жағдай бар. Әрбір тотолизатор, әрбір столы Қаржы министрлігіне интеграция жасалып, қанша адам ойнап жатыр, қанша қаржы түсті, қанша қаржы салық түрінде түсу жөнінде түзетулерді жасадық. Жақында сіздерге алып келеміз, - деді Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы