Ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмады – Годунова

20 Маусым 2022, 10:55
1447
Бөлісу:
Ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмады – Годунова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова  Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

Былтырғы күзден бастап Үкімет 10 ұлттық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Оларға бюджеттік қаржыландыруда басымдық беріледі деген. Алайда ол жүзеге аспады. Ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмады. Маңызды шешімдерді қаржыландыру толық көлемде жүзеге асырылуы керек. Сондықтан Ұлттық жобаларды нақты қаржылық мүмкіндіктерге қарай реттеу керек. Үкімет бұл жұмысты жетілдіріп жатыр, - деді ол. 

Годунова атағандай, Ұлттық жобалар қысқамерзімде жүзеге асырылуы керек. Оның нәтижесі халық пен бизнеске жылдам жетуі керек.

Типтік шешімдерден бөлек, мақсатты түрде елдің аймағын зондтап, әкімшілік және әлеуметтік нысандарды құрылыстың шаршы метрінің лимитін орнатқан жөн. Бұл сол ақшаға барынша көп ғимарат салуға мүмкіндік береді, - деді Годунова. 

Сондай-ақ Үкімет өз регламентіне өзгерістер енгізді, енді Есеп комитетінің аудит қорытындылары бойынша Үкіметке берген ұсынымдары Жоғары аудит органымен келісілгеннен кейін ғана бақылаудан алынады. Егер 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы айтатын болсақ, бұл қорытынды Үкіметтің пандемиядан кейін пайда болған мүмкіндіктерді пайдалануын және қалған қиындықтарға қарсы іс-қимыл жасауын бағалау призмасы арқылы жасалды.
 

Өзгелердің жаңалығы