Ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы шығады

15 Қараша 2023, 11:25
672
Бөлісу:
Ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы шығады
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ конгресінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тимур Сүлейменов, егемендігіміздің қалыптасу кезеңінде теңгенің енгізілуі толыққанды қаржы жүйесін қалыптастыруға және еліміздің іргетасын нығайтуға мүмкіндік бергенін жеткізді.

Бүгінде Қазақстанда сенімді қаржылық инфрақұрылым мен нарықтық экономикаға бейімделген банк жүйесі құрылды. Жоғары сапалы қаржылық қызметтер еліміздің әрбір тұрғынына қолжетімді. Соңғы бес жылда қолма-қол ақшасыз төлемдерді ілгерілету және қаржылық қызметтерді цифрландыруды қамтамасыз етуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Күн сайын ұлттық төлем жүйесі арқылы миллиондаған транзакциялар өңделеді, банктердің мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтердің электрондық нысандары көрсетіледі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында алдағы жылдарға арналған дамудың негізгі басымдықтарын белгілеп берді. Атап айтқанда, банк секторын одан әрі дамыту, әсіресе экономиканың нақты секторын қаржыландырудың өсуі, қаржы ресурстарын бөлудің тиімді арнасы ретінде қор нарығын одан әрі құру, банктік емес секторды дамыту. Сондықтан біз нормативтік-құқықтық ортаны жақсартамыз,-деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, теңгенің 30 жылдығында ұлттық валютаның жаңа дәуірі – цифрлық кеңістіктегі дәуірдің куәсі болады.

Бүгін біз цифрлық теңгені – ақшаның үшінші формасын іске қосамыз. Бұл, өздеріңіз білетіндей, қаржы жүйесінің жаһандық трансформациясына әсер ететін ең маңызды жаһандық тренд. Сонымен қатар, біз үшін бұл маңызды күнде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық Банк банкноталарының жаңа сериясы шығатыны туралы хабарлауға өте қуаныштымын,-деді Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов.

Ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы шығады
Өзгелердің жаңалығы