Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы мен әскери бөлімдерінде 2023 жылдың жаңа оқу кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұландықтар жан-жақты дайындықты сандық және сапалық тұрғыдан нығайту бойынша міндеттерді орындауға кірісті.
Бұл күні құқықтық тәртіп әскерлерінің Бас қолбасшылығының, бөлімдері мен өңірлік қолбасшылықтарының аумақтарында оқу-профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді.
Сабақ басталар алдында ұландықтар елдегі қаңтар оқиғаларының сабақтары мен салдары жеткізілді. Ұлттық ұланның 400-ден астам әскери қызметшісі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында жарақат алып, екеуі қаза тапқаны атап өтілді. Бұл ретте жауынгерлер тапсырманы абыроймен орындап, жауынгерлік тәртіпті тастаған жоқ. Ұландық әскери қызметшілер қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шараның негізгі тақырыбы : "Ел Президенті-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы елдің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жоғары жауынгерлік дайындықты қолдау туралы. Ұлттық ұланның 2023 жылы жауынгерлік дайындықты арттыру жөніндегі міндеттері" болды. Сабақтар практикалық түрде де, жаңа форматта да өткізілді-әскери қызметшілер үшін қызметтік-жауынгерлік әрекеттердің түрлі бағыттары бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Ұландықтар оқудың бірінші күнінде мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік даярлық тақырыптарын зерделеді, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету, атыс және дене шынықтыру дайындығы және саябақ-шаруашылық күндері барысында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша кешенді сабақтар өткізілді.
Мемлекеттік-құқықтық дайындық тақырыбы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаңтар оқиғаларынан кейін ел Президенті айтқан әскерлердің жауынгерлік дайындығын арттыруға арналды.
Осыған байланысты бүгінгі күні Ұлттық ұлан әскерлерді сандық және сапалық тұрғыдан нығайту жөніндегі міндеттерді орындауға кірісті. Қажетті есептеулер жүргізіліп, ұлвндықтар материалдық және техникалық жабдықтау бойынша өтінімдер берілді. Өңірлерде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің сандық құрамын ұлғайту, инфрақұрылымды жаңарту және қару-жарақтың жаңа үлгілерін сатып алу жоспарлануда, - деп қаулы етті Ел Президенті.
Бұл жұмыс ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінің жеке құрамын жоғары жауынгерлік дайындыққа келтіру жөніндегі жұмысты үйлестіруге және жеке құрамның түрлі іс - қимылдардағы практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, - деп қорытындылады Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов.