Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық ұланның әскери оркестрі елордалықтарды құттықтады

7 Мамыр 2023, 19:28
1046
Бөлісу:
 Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Мерекелік шара «Үркер» тұрғын алабында өтті. ҰҰ үлгілі-көрме оркестрі патриоттық әндерді орындап, әскери маршпен жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе соғыс жылдарында жарық көрген шығармалар ешкімді бей-жай қалдырмады.

«Үркер» тұрғын алабының екінші атауы-әскери қалашық. Мұнда бізде белсенді әскери қызметшілер мен Қарулы Күштердің ардагерлері тұратын ондаған үй бар. Олар үшін және «Үркердің» басқа тұрғындары үшін біз 5573 әскери бөлімімен бірлесіп, осы іс-шараны ашық аулада өткізуді ұйғардық. Бүгінгідей айтулы мерекемен баршаңызды құттықтаймын! Осы орайда барша Отан қорғаушыларымызға алғыс айтқым келеді, - деді Астана қаласында жаңадан құрылған «Нұра» ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов.

Ұлттық ұланның әскери оркестрі елордалықтарды құттықтады

Мен барлығын атаулы мерекелермен құттықтап, өз заманында осы жерде пайда болған осы жақсы дәстүрге қосылуға қуаныштымын. Отанымыздың барлық қорғаушыларына үлкен алғысымды білдіремін. Тағы да бәрін құттықтаймын!

Ал елордалық жедел бригада командирі полковник Аян Есжанов Ұлттық ұланның барлық әскери қызметшілерінің атынан жиылған жұртшылықты Отан қорғаушылар күнімен қатар Жеңіс күнімен де құттықтады.

Отанды қорғау да мамандықтың бір түрі! Құрметті тұрғындар қауіпсіздіктеріңіз сенімді қолда. Біз сіздердің зор сенімдеріңізді ақтау жолында әрі кәсіби борышымызды орындау үшін күн сайын бар күшімізді саламыз, - деді Аян Есжанов.

Ұлттық ұланның әскери оркестрі елордалықтарды құттықтады

Іс-шара барысында «Нұра» ауданының әкімі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған балалар суреттері мен ұлттық костюмдер байқауының қатысушылары мен жеңімпаздарын грамоталармен марапаттады.

Мереке нәтижесінде 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері дала асханасын ұйымдастырып, қонақтарға сарбаз ботқасы мен ыстық шай ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы