Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар

Бүгiн, 14:33
145
Бөлісу:
Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар
PHOTO
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Шеврондар, погондар мен жапсырмалар - Қарулы күштердегі әскери киім үлгілерінің айырым белгілері. Алайда, құқықтық тәртіп әскерінің формасында Қазақстан халқының мәдени коды - ұлттық ою-өрнектердің элементтері бар екенін көпшілік біле бермейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Киім нысанының негізгі атрибуттарының бірі - Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жапсырмалары, онда ата-тегіміз мекен еткен киіз үйдің дәстүрлі символы - шаңырақ бейнеленген. Бұл белгі Ұлттық ұланның барлық өңірлік қолбасшылықтарына басшылық ету қағидаты бойынша Бас қолбасшылықпен өзара бірлігін білдіреді.

Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар

Әскери киімде көнеден-ақ ерекше мән-мағынаға ие қазақы ою-өрнектер де көрініс табады. Ұлттық орнаменттер қатардағы жауынгерден генералға дейінгі әскерилер киетін кеңсе және күнделікті формадағы погондардан байқауға болады. Өрнектер халқымыз үшін сәндік элемент қана емес, сонымен қатар ата-бабаларымыздан келе жатқан бойтұмар рөлін атқарады.

Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар

 Әскери формадағы ұлттық өрнектер - біздің жеке болмысымызды білдіретін элемент, шыққан тегіміздің визуалды коды, яғни біздің кім екенімізді және жүріп өткен тарихымызды аңғартады, - деді киім-кешек қызметінің бастығы майор Дархан Жүнісов.

Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар

"Қошқар мүйіз" дәстүрлі өрнектері қолданылған Құрмет қарауыл ротасының формасы ерекше назарға ие. Елімізге түрлі сапармен келген шетелдік делегацияларды қарсы алатын осы рота жауынгерлері. Сондай-ақ, Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері Ұлттық ұлан Ән-би ансамблімен бірге шет елдерде өнер көрсетеді.

Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар

Айта кетейік, ұландықтар тек қызмет атқарып қана қоймай, мәдени мұраны сақтауға да ерекше ден қояды. Әскери бөлімдерде халықтық дәстүрлерге арналған тақырыптық кештер мен байқаулар, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылады. 

Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар

Бұған дейін Құқықтық тәртіп әскері Қазақстан әскери қызметшілерінің рационына ұлттық тағамдарды енгізу туралы бастама көтерген болатын.

Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар

Осылайша, Ұлттық ұланның киім нысаны - тек әскери құрал-жабдықтар элементі емес, қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен рухының көрінісі деуге толық негіз бар.

Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар
Өзгелердің жаңалығы