Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық ұлан сарбаздары талып қалған балаға жедел көмек көрсетті

25 Шілде 2025, 09:14
713
Бөлісу:
 Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Елордадағы "Астана Арена" спорт кешені маңында қызмет атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің қатардағы сарбаздары Иманжүсіп Түменбаев пен Александр Баширов өзін жайсыз сезінген жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім еткендей, патрульдеу кезінде олар басы айналып, жерге құлаған баланы байқап, дереу көмекке ұмтылған.

Ұлттық ұлан сарбаздары талып қалған балаға жедел көмек көрсетті

Сарбаздар баланы орнынан тұрғызып, алғашқы медициналық жәрдем жасады. Кейін анасына хабарласып, баланы көлікке дейін көтеріп апаруға көмектесті, - делінген хабарламада.

Ұлттық ұлан сарбаздары талып қалған балаға жедел көмек көрсетті

Айта кетейік, бұл ұландықтардың алғашқы медициналық көмек көрсетуінің алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін де "Астана Арена" стадионының жанындағы мерекелік концерт кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері есінен танған бірнеше көрерменге көмек көрсеткен болатын.

Бұл жағдай – әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіппен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына да бейжай қарамайтынын аңғартады.

Өзгелердің жаңалығы