Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық тауарлар каталогы не үшін керек?

14 Тамыз 2025, 15:38
618
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Елімізде әр тауардың бірегей сәйкестендіру кодын иеленетін ұлттық тауарлар каталогына қосылу бұдан былай қолжетімді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айта кетерлігі, пилоттық жобаға 100 мыңнан астам тауар позициясын жүктеген дистрибьюторлар мен ірі бөлшек саудагерлер қатысады.

Ведомство өкілінің айтуынша, ҰТК саудада ғана емес, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауда да шешуші рөл атқарады.

ҰТК бірыңғай базасын құру қайталану мәселесін шешеді. Ntin коды өндірістен бастап бюджетті жоспарлауға дейінгі барлық кезеңдерде қолданылады. Біз үш деңгейлі жүйені – талдауға арналған ОКТРАНЫ, деректер базасы ретінде ҰТК-ны және мерзімдерді қадағалау және жалғандықтардан қорғау үшін партияларды таңбалауды енгіземіз, - деп түсіндірді Әсет Тұрысов.

Айта кетерлігі, 2026 жылдан бастап тауарларды ҰТК-да тіркеу барлық өндірушілер мен импорттаушылар үшін міндетті болады.

Заңға қол қойылды, енгізудің жол картасы дайындалды. Қазірдің өзінде негізгі жүйелер - ауда алаңдары, БКМ, ЭШФ, кеден біріктірілген. Бүгінгі таңда базада 15 млн позиция бар, тәулігіне 10 млн-нан астам чек бойынша деректер өңделуде, бизнеске арналған 11 API-сервис іске қосылды, - деп атап өтті вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдан бастап Қазақстанда барлық тауарға арнайы код енгізілетіні туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы