Ұлттық статистика бюросы ана мен баланы қорғау туралы арнайы зерттеу жүргізеді

Бүгiн, 00:19
117
Бөлісу:
Ұлттық статистика бюросы ана мен баланы қорғау туралы арнайы зерттеу жүргізеді
Фото: baq.kz

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы БҰҰ ЮНИСЕФ-тің Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілдігімен ынтымақтастықта «2023-2025 жылдарға арналған Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу» (МИКС) жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

МИКС – үй шаруашылығын зерттеуге арналған, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әзірлеген халықаралық бағдарлама, оның - мақсаты балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін халықаралық деңгейде салыстырмалы статистикалық деректерді жинау және жасау.

Бүгінде Қазақстанда МИКС-тің 3 раунды (2005, 2010 және 2015 жж.) сәтті өткізілді, оның нәтижелері бюроның stat.gov.kz және ЮНИСЕФ mics.unicef.org. ашық веб-сайттарында жалпыға қолжетімді орналастырылды.

МИКС 2024 сауалнамасын жүргізу - қоғамда көтерілетін ана мен баланы қорғау, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін ескере отырып өте өзекті. Уәкілетті органдар МИКС нәтижелерін басқа зерттеулермен қатар балалардың құқықтарын қорғау және әйелдердің әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жоспарлау кезінде пайдаланады, - делінген бюро хабарламасында.

Осы хат арқылы 2024 жылға арналған Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес биылғы 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында МИКС 2024 сауалнамасының деректерін жинау бойынша дала жұмыстары жүргізілетін болады.

Бейнероликке сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/UI4BvAn68kNAzQ

МИКС сауалнамасы бүкіл республика бойынша кездейсоқ іріктеу арқылы таңдалған қалалық және ауылдық елдімекендерді қоса алғанда 1000 кластерді қамтиды.

Нақты деректерді алу үшін таңдалған үй шаруашылығының мүшелеріне үй шаруашылығындағы өмір сүру жағдайлары, сумен жабдықтау және санитария, балалар мен әйелдердің денсаулығы мен дамуы, сауаттылық пен білім беру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көзқарасы және балалар мен әйелдер өмірінің басқа да қырлары туралы бекітілген сұрақнамалар бойынша сауал салу жүргізіледі.

Жоғарыда аталған жұмыстарды МИКС 2024 зерттеуін жүргізу кезінде интервьюер ретінде жұмыс істейтін, Бюроның арнайы дайындалған қызметкерлері жүзеге асырады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, 2024 жылы Қазақстан Республикасында МИКС сауалнамасын жүргізуге және таңдалған кластерлердегі Пәтер иелері кооперативтерін (ПИК), Мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ) саладағы уәкілетті мемлекеттік орган жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етулеріңізді, Бюро қызметкерлерінің үй шаруашылықтары зерттеуін жүргізуге жәрдемдесуді және қолдау көрсетулеріңізді сұрайды.

Қосымша ақпарат алу үшін Бюроның Халық статистикасы департаменті директорының орынбасары Бақыткүл Кеңесқызы Өтеулинаға (тел: +7708 825 4306 email: ba.uteulina@aspire.gov.kz) немесе МИКС ұлттық кеңесшісі Айдана Янгке (тел.: +7 702 999 9638, email: aiyoung@unicef.org) хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы