Ұлттық спортқа құмар жастардың саны артқан

21 Желтоқсан 2022, 15:25
2203
Бөлісу:
Ұлттық спортқа құмар жастардың саны артқан
Фото: автордан

Аударыспақ ұлттық спорты бойынша бас жаттықтырушы Жанбатыр Бекмұсаев ұлттық спорттың жайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аударыспақ бойынша биыл ересектер арасында 21-рет ел чемпионаты өтті. Жасөспірімдер арасында 10-рет, жастар арасында 16-рет өтті. Алғашында 3 салмақ деңгейінде бастаған едік. Бұл спорт түрі дамып, салмақ дәрежесі өсті. 2023 жылы өзгертілген ереже бойынша 9 спортшыға дейінгі сан енгізіліп отыр, – деді ол «Алтын тұғыр-2022» салтанатты іс-шарасының кулуарында.

Бекмұсаевтың дерегінше, елімізде аударыспақпен 7 мыңнан астам адам айналысады.

Бүкіл өңірде спорт мектептерінде аударыспақ штаттары бар. Биыл Қазан қаласында Әлем чемпилнатында екі палуынымыз жүлделі алтын медальмен оралды,- деді бапкер.

Бапкер аударстпақ спортында кадр мәселесі жоқ екенін атап өтті. Сөзінше, , жаттықтырушылар мен спортшылар жыл сайын арнайы семинардан өтіп,сертификат алады.

Қазір курстан өтіп жатқан төрешілер де бар.  Республикалық телеарналардан көрсетілген бағдарламалардың нәтижесінде ұлттық спорт аударыспаққа құмар жастар көбейді,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы