Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

Бүгiн, 09:18
179
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/ Гүлжан Раманқұлова
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Гүлжан Раманқұлова

Ұлттық құрылтайдың V отырысы ертең, яғни 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы және көмекшісі Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда;

2025 жылы – Бурабайда өтті.

Өзгелердің жаңалығы