Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысын 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты дайындық жасау жөнінде нақты тапсырма берді.
Құрылтай отырысы еліміздің стратегиялық даму бағыттарын, қоғамдық реформалар мен мемлекеттік саясатты талқылау үшін маңызды алаң болады.
Еске салайық, бұған дейін Парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланатыны хабарланды.