Ұлттық құрылтай - азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі

9 Қараша 2023, 18:50
948
Бөлісу:
Ұлттық құрылтай - азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті санында “Ұлттық құрылтайдың” құрылу себебі мен оның мақсаты түсіндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Жаңа Қазақстанның күрделі әрі ұзақ үдеріс арқылы құрылатыны­на назар аударған еді. Сондай-ақ мұн­дай іргелі іс-шараның маңызына да тоқталды. «Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы білесіздер. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте, “Ұлттық құрылтай азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі бола ма?”, “Әрбір азамат жаңғыртудың әсерін сезініп жүр ме?”, “Ұлттық құрылтайдың” құрылу себебі қандай?” деген сұрақтарға жауап береді.

Еске сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың мүшелері — халықтың көкейіндегі жүрген, қоғамдағы маңызды мәселерді айтып қана қоймай, сол мәселерді шешу жолын да білетін азаматтар.

Қорыта айтқанда, Ұлттық құрыл­тай құрылғалы ауқымды жұмыс­ атқарылды. Осы орайда билік пен қоғамның әріптестігі Әділетті Қазақстанды құру ісінде айрықша рөл атқаратынын атап өткен жөн.

Бұған дейін «Жаңарған Қазақстан» репортажы зейнетақы жүйесі төңірегінде болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы