Ұлттық құрылтай: Ауылдық жерлерде мешітті емес мектептерді көбейтейік

17 Маусым 2023, 15:02
1742
Бөлісу:
Ұлттық құрылтай: Ауылдық жерлерде мешітті емес мектептерді көбейтейік
Фото: автордан

Ұлттық құрылтай осымен екінші рет киелі қалада болып өтті. Жан жақтан елге танымал қоғам қайраткерлері, депутаттар, сарапшылар жиналған құрылтайда маңызды мәселелер талқыға салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің осы аймақтағы тілшісі.

Аталған құрылтайда жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәуле Досжанова дана халқымыздың қажетті жағдайда бас қосатын құрылтайды Президентіміздің жаңғыртқанын атап өтті. Сондай-ақ ол құрылтайда дін мәселесін қозғады.

Жалпы біздің дана халқымызда құрылтай мәселесін ел басына күн туғанда немесе елге бір өте қажетті жағдай болған кезде бас қосады ғой. Соны біздің Президент жаңғыртты. Мұның алдын Ұлытауда өтсе, ал биыл қасиетті Түркістанда өтіп жатыр. Бір өзгешелігі, құрылтай үш секцияға бөлінді. Мен «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясында болдым. Онда елімізге не қажет, қандай ұсыныстар бар, солар айтылды. Өзім дін мәселесін қозғадым. Себебі, қазір ауылдарда мешіт көбейіп кетті. Жат діни ағымға кетіп жатқан балалар көп. Енді, осыған қанағат етуіміз керек. Жалпы, әркімнің өз шаңырағы құтханасы. Әрине, Алла өзі біледі, дегенмен өз шаңырағында тілесе де айып емес. Алла біздің жүрегімізде. Мешіттерді емес мектеп пен балақшаларды көбейтейік. Себебі, балаларды дұрыс тәрбиелемесек, қазіргі еткен еңбектің бәрі бекерге кетеді. Сол үшін ертеңді ойлауымыз керек. Ж.Аймауытов айтқандай «жұрттікі бүгіншіл, біздікі ертеңшіл» болсын. Ертеңге жұмыс істейік, - деді жазушы Сәуле Мағазбекқызы.

Жазушы бұдан бөлек, ауылдық жерлерде спорт залдарын да көбейтуді ұсынды. Өйткені, өскелең ұрпақтың біліммен қатар денсаулығы да жақсы болуын еске сала кетті.

Өзгелердің жаңалығы