Бүгін этноауылда аударыспақтан жарыс аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық құрама спортшылары алты салмақ бойынша бес алтын, бір күміске ие болды.
Аударыспақтан алтын жүлдегерлер: Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі), Дарын Өткелбай (80 келі), Сырым Ізбасаров (100 келі) және Біржан Қосалиев (+100 келі). Ал 90 келі салмақ дәрежесінде Есімхан Рахматіллә күміс жүлдеге ие болды.