Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық қорға қол салмаймыз: Сенатта республикалық бюджет қаралып жатыр

20 Қараша 2025, 11:59
330
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Сенаттың кезекті отырысында 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кіріс пен шығыстың параметрлері бюджеттің өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді деп отыр.

Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдері кезінде бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша қаражат тартудың қажеттілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

алдағы үш жылға жоспарланған шығыстар параметрлерінің болжамын таныстырды.

Сондай-ақ ведомство басшысы бюджеттің шығысы белгіленген шектеулерді сақтайтынын айтты.

2026-2028 жылдары шығыстардың өсу қарқыны 108,7–109,3% деңгейінде тұрақтандырылды. Бюджеттің шығыстары бюджет қағидаларында белгіленген лимиттерді сақтай отырып, 2026 жылы 27,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 15,1%, 2027 жылы – 28,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 14,0%, 2028 жылы – 29,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 13,0%-ды құрайды, - деді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы