"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер түсе бастады деген ақпарат тарай бастаған соң, kids.enpf.kz сайты істен шығып, жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ-та "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер қазақстандықтарға түсе бастады деген ақпарат пайда болған соң сайт істен шықты.
Бағдарламаға қатысатын балалар 2023 жылға арналған арнайы шоттарға $100,52 алғаны хабарланды.
БЖЗҚ сайты да ашылмайды.
Бірер сағат бұрын "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер түсе бастағаны туралы жазған болатынбыз.