"Ұлттық қор – балаларға" президенттік бағдарламасы: 3 жылда балаларға $2,5 млрд-тан астам қаражат аударылды

Бағдарлама шеңберінде қазақс­тан­дық балалардың шотына Ұлттық қор­дың инвестициялық кірісінен жыл сайын қаражат аударылады.

 freepik Бүгiн 2026, 08:55
Бүгiн 2026, 08:55
165
Фото: freepik

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың жағдайына да ерек­ше көңіл бөліп келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте Үкімет басшысы  «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының Прези­денттің маңызды бастамаларының бірі екенін атап өтті.

Бағдарлама шеңберінде қазақс­тан­дық балалардың шотына Ұлттық қор­дың инвестициялық кірісінен жыл сайын қаражат аударылады, оны әр бала 18 жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақ­са­тында пайдалана алады. Бағдарлама жүзеге асы­­­­рыл­ған үш жыл ішінде еліміздегі жеті млн баланың шотына 2,5 млрд доллардан астам қаражат аударылды, - деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы бекітілді. Құжат елімізде балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қолданыстағы және алдағы кезеңге жоспарланған барлық іс-шараларды бір жүйеге біріктіреді.

Аталған бағдарлама әрбір баланың құқықтарын қорғау мен әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтін орнықты мемлекеттік саясаттың тұғырын қалыптастырады. Сонымен қатар ол балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім мен медициналық қызметке қолжетімділігі, әлеуметтік қолдау тетіктерін кешенді түрде қамтуды мақсат етеді.

Наверх