"Ұлттық қор - балаларға". Астанада қанша баланың шотына ақша аударылды

25 Маусым 2024, 13:30
409
Бөлісу:
"Ұлттық қор - балаларға". Астанада қанша баланың шотына ақша аударылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Жас отандастарымыз "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарын белсенді түрде пайдалануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 952 911,64 АҚШ долларына 9 503 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 458 220,04 АҚШ долларына 4 572 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 494 691,60 АҚШ долларына 4 931 өтініш орындалды.

Астана қаласы 481 349 балаға 48 385 201 доллар қаржы аударылған.

Енді балалардың жасы бойынша жеке тоқталып өтсек

1. 2023 жылғы - 34 933 балаға - 3 511 465 $

2. 2022 жылғы - 35 610 балаға - 3 579 517 $

3. 2021 жылғы - 36 134 балаға - 3 632 190 $

4. 2020 жылғы - 31 955 балаға - 3 212 117 $

5. 2019 жылғы - 29 896 балаға - 3 005 146 $

6. 2018 жылғы - 28 872 балаға - 2 902 213 $

7. 2017 жылғы - 27 541 балаға - 2 768 421 $

8. 2016 жылғы - 27 993 балаға - 2 813 856 $

9.2015 жылғы - 26 766 балаға - 2 690 518 $

10.2014 жылғы - 26 035 балаға -2 617 038 $

11. 2013 жылғы - 25 059 балаға - 2 518 931 $

12. 2012 жылғы - 24 342 балаға - 2 446 858 $

13. 2011 жылғы - 23 095 балаға - 2 321 509 $

14. 2010 жылғы - 21 564 балаға - 2 167 613 $

15. 2009 жылғы - 21 410 балаға - 2 152 133 $

16. 2008 жылғы - 21 859 балаға - 2 197 267 $

17. 2007 жылғы - 19 939 балаға - 2 004 268 $

18. 2006 жылғы - 18 346 балаға - 1 844 140 $ қаржы аударылған.

18 жасқа толған 18 346 баланың есеп шотына 1 844 140 доллар қаржы аударылған екен.

Астана бойынша білімге қанша өтініш түскеніне тоқталсақ.

БЖЗҚ-ға келіп түскен өтініштер саны – 381

Өтініш берушілер саны – 249

орындалды (өтініш берушілердің банктік шотына аударылды) - 25 054,04

БЖЗҚ-ға қайтарылған өтігіштер саны – 9, оның сомасы - 897,40

Ал енді Алматы қаласы бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша талдап көрсек.

2024 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша БЖЗҚ-ға тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша 365 өтініш келіп түскен екен. Оның ішінде орындалған (өтініш берушілердің банктік шотына аударылды) өтініш саны – 305. Сомасы - 30 549,74, БЖЗҚ-ға қайтарылған өтініш саны – 7, сомасы - 1 702,58 доллар.

 

Өзгелердің жаңалығы