2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жалпы сомасы 35,20 млн АҚШ долларын (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды) құрайтын 223 785 өтініш орындалды. Бұл турлы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың ішінде:
- тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 22,09 млн АҚШ долларынан астам сомаға 139 759 өтініш орындалды;
- білім беру ақысын төлеу үшін 13,11 млн АҚШ доллары сомасына 84 026 өтініш.
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында қалады.
Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары:
- одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру (21,61 млн АҚШ доллары сомасына 136 490 өтініш орындалды),
- тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу – 164,71 мың АҚШ доллары сомасына 1 108 өтініш,
- азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 119,36 мың АҚШ доллары сомасына 819 өтініш.
Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар:
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен немесе толық көлемде бір мезгілде ақы төлеу (шамамен 12,15 млн АҚШ доллары сомасына 76 643 өтініш орындалды),
- білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (645,10 мыңнан астам АҚШ доллары сомасына 5 134 өтініш орындалды),
- шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен немесе толық көлемде біржолғы ақы төлеу (252,49 мың АҚШ доллары сомасына 1 827 өтініш орындалды).
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әр балаға 130,71 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде кезекті есептеу жүргізілген болатын.