Ұлттық парктер жаңа үлгі бойынша дамиды

17 Маусым 2022, 18:31
2424
Бөлісу:
Ұлттық парктер жаңа үлгі бойынша дамиды
PHOTO
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық парктер: экологиялық туризімнің жаңа моделі» дөңгелек үстелі барысында ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамыту, заманауи туризм жағдайында экологиялық тәрбиенің маңызы, ұлттық саябақтардағы демалыс мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды. 

Ұлттық парктер жаңа үлгі бойынша дамиды

Дөңгелек үстелде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы Ерқұлан Дүйсекеев экотуризмді дамытуға бөлінген жалпы инвестиция көлеміне тоқталды.  

Алматы тобындағы ұлттық парктердің танымалдығы мен орналасуын ескеріп, министрлік 4 парк бойынша белсенді жұмыстарды бастады. Олар: «Іле Алатау», «Көлсай көлдері», «Шарын», «Алтын Емел» ұлттық парктері. Экотуризмді дамыту жоспары әзірленіп, инвесторлар анықталды. Инвестицияның жалпы көлемі 26,5 миллиард теңгені құрайды. 2020-2021 жылдары жобаларды жүзеге асыру аясында шамамен 2 миллиард теңге инвестиция құйылды, – деді ол.

Ұлттық парктер жаңа үлгі бойынша дамиды

 

Бұл инвестициялардың бір бөлігін игерумен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі 2021 жылдан айналысып келеді.  

Ұлттық парктер жаңа үлгі бойынша дамиды

Бүгінгі іс-шараға қатысып жатқан себебіміз ұлттық парктер мен экологиялық туризм жайлы көбірек ақпарат беріп, ішкі туризмді насихаттау. Өйткені біз ұлттық парктерді дамытып жатырмыз. «Іле Алатау», «Ұлытау», «Шарын», «Алтын Емел» ұлттық парктерінде туристік инфрақұрылымды жасап жатырмыз. Оған туристер келгенде сапарын жоспарлауға керек ақпаратты алатын визит-орталықтар, ақпараттық тақтайшалар, сусыз жұмыс істейтін экоәжетханалар, көлеңке қалқалары, ауыз су бұрқақтары жатады, – деді «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Томирис Мұсаева. 

Ұлттық парктер жаңа үлгі бойынша дамиды

Ал «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары Артур Абубәкіровтің айтуынша, бірлестік инфрақұрылыммен ғана емес, жергілікті халықпен, олардың әл-ауқатын жақсартумен де айналысады. Яғни саябақтарға жақын орналасқан ауыл тұрғындарына өз бизнестерін құруға мүмкіндік беретін семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

Ұлттық парктер жаңа үлгі бойынша дамиды

Айта кету керек, 2022 жылы қоғамдық бірлестік Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, «Ұлытау» жаңа паркін іске асыру жобасын бастады. 

Өзгелердің жаңалығы