24 наурыз күні ҚР Премьер-Министрінің қаулысына сәйкес Ұлттық пантеонға жерленетін еліміздің көрнекті тұлғаларының тізімін қайта қарау туралы жоба жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжатта Пантеон аумағында мынадай тұлғалар жерленетіндігі көрсетілген:
• Қазақстан Президенттері;
• Қазақстан премьер-министрлері және олардың орынбасарлары,
• Парламент палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары,
• Мемлекеттік кеңесшілер,
• Президент Әкімшілігінің басшылары,
• Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың және Ұлттық Банктің төрағалары;
• Министрлер,
• Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары,
• Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;
• «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ер» атақтарына ие болған тұлғалар;
• «Алтын Қыран», «Отан», «Еңбек Даңқы» ордендерімен үш дәрежелі наградталған азаматтар;
• «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек ері» атақтарына ие болған азаматтар;
• «Қазақстанның ғарышкер-ұшқыш» құрметті атағына ие болған азаматтар;
• Президенттің ерекше шешімі бойынша басқа азаматтар.
Пантеонға жерленетін адамдардың ерлі-зайыптылары да жерленуі мүмкін екендігі атап өтілді.
Ұлттық пантеон Астанадан 17 шақырым жерде, Қабанбай батыр ауылының маңында орналасқан.
Пантеон мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарды жерлеу үшін Қабанбай батыр кесенесінің айналасына тұрғызылған.