Ұлттық нейрохирургия орталығында ми ісігі бар жүкті әйелге күрделі ота жасалды

16 Қыркүйек 2022, 17:50
1345
Бөлісу:
Ұлттық нейрохирургия орталығында ми ісігі бар жүкті әйелге күрделі ота жасалды

Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ми ісігі бар жүкті әйелге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Денсаулығы күрт нашарлағанын сезген науқас №2 көпбейімді қалалық емханаға жеткізілген. Миына МРТ жасалып, тексеру кезінде 32 жастағы жүкті әйелде ми ісігі анықталады. 

Одан кейін науқас Ұлттық нейрохирургия орталығына қарасты Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесіне жатқызылады.   

Ауруханаға жатқызу кезінде әйелдің жүктілік мерзімі 26 аптадан жаңа асқан еді. «Клиникалық декомпенсация, ішкі окклюзиялық гидроцефалия кезеңіндегі ми қысымымен сол жақтағы көпір-мишық бұрышының ісігі» диагнозы қойылды. Науқасқа шұғыл операция жасадық, Аренд бойынша сол жақтамалық жабық сыртқы түсіру дренажы, содан кейін нейромониторингті қолдана отырып, көпір-мишық бұрышының ісігін микрохирургиялық жолмен алып тастау. Көлемі 5*5,5 см болатын үлкен ісік миды қысып, нәтижесінде әйелдің көру қабілеті нашарлай бастаған, тәлтіректеп жүру  және басқа да бұзылулар пайда болған. Операцияның қиындығы ісік ми бағанасында орналасқан, мұндай жағдайларда мидың өмірлік маңызды бөліктеріне зақым келтірмеу өте маңызды, - деді нейрохирург дәрігер Мұратбек Тілеубергенов.

Бақытқа орай, 5 сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Бір айта кетерлігі, ота пациентке тегін, яғни МӘМС шеңберіндегі квота бойынша жүргізілген.

Маған осындай күрделі ота жасаған дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Олардың бәрі мен үшін алаңдады, менің және баламның өмірін құтқаруда үлкен алаңдаушылық сезімі болды. Мен нейрохирургия орталығы орналасқан елордада тұратындығыма қуанамын, отаны өте тез, шұғыл өткізілді. Енді тез қалпыма келемін деп үміттенемін, көру қабілетім қалпына келе бастады, аздап жүре бастадым. Операция жасаған және менің өмірім мен баламды құтқаруға қатысқандардың барлығына үлкен алғысымды білдіремін! – деп ағынан жарылды науқас.

Дәрігерлер қазір ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Пациент ана атанатын күнін асыға күтіп жүр.

Өзгелердің жаңалығы