Ұлттық музейде оқушыларға арналған танымдық экскурсия өтті

29 Мамыр 2024, 17:49
1535
Бөлісу:
Ұлттық музейде оқушыларға арналған танымдық экскурсия өтті
Фото: Ұлттық Музей

"4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні" мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінде Астана қаласы әкімдігінің № 73 мектеп лицейінің оқушыларымен "Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет" атты танымдық экскурсия өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, профессор Жандарбек Мәлібеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филилогия ғылымдарының докторы Серік Негимов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Ардақ Назаров және Болат Керімбек арнайы шақырылды. Халық қалаулылары жас ұрпаққа ізгі тілектерін жеткізіп мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін ұғынып құрметпен қарауға шақырды.

Шара барысында мектеп оқушылары ел ағаларымен "Дәстүрлі мәдение" және "Тәуелсіз Қазақстан" залдарына экскурсия жасады. Еліміздің өткені мен бүгінгісінен сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысып шықты. Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау мақсатында кездесу соңында викториналық сұрақтар қойылды. Қойылған сауалдарға дұрыс, әрі нақты жауап берген шәкірттерге Мемлекеттік Ту бейнесіндегі төсбелгілер мен символдық сыйлықтар табысталды. Ал балаларды сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында еңбек етіп, бүгінгі іс-шараға қолдау білдір ұстаздар қауымына Орталық басшысы Қалқаман Сариннің атынан алғыс хаттар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы