«Ұлттық мүддемізді ескеріп, саясат жүргізіп отырмыз». Әшімбаев ұлттық мүдде жайында

9 Маусым 2023, 17:17
2841
Бөлісу:
«Ұлттық мүддемізді ескеріп, саясат жүргізіп отырмыз». Әшімбаев ұлттық мүдде жайында
Фото: Мәулен Әшімбаевтың жеке мұрағатынан

Бұл туралы Астана халықаралық форумында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық жүйе ірі мемлекеттердің мүддесі төңірегінде қалып отыр. Менің ойымша, 21 ғасырда мұндай көзқарас дұрыс емес. Бізге бүкіл елдің мүддесін ескеретін, сондай-ақ барлық мемлекетке бірдей құрметпен қарайтын жаңа парадигма қажет, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, әр ел ұлттық мүддесіне бағытталған саясатты жүзеге асыруға міндетті. Өткен ғасырдан қалған ескі түсініктерден арылу керек.

Бұл жағынан Қазақстанда да өзінің ұлттық мүддесін ескеріп, тиісті саясатын жүргізіп отыр. Біздің ұлттық мүддеге аумақтық тұтастық, елдің тәуелсіздігі, азаматтардың қауіпсіздігі, елдің тұрақтылығы, мемлекеттік институттар жатады. Сол себепті нақты бір мемлекеттен «қай елмен қарым-қатынасыңды нығайтасың» деп сұрау дұрыс емес. Осы орайда «дәл қазір ұлттық мүдделеріңіз қандай басымдықтарды ескеріп отыр» деп сұрақ қойған жөн, - деді Мәулен Әшімбаев форумда.

Өзгелердің жаңалығы