Ұлттық лотерея бюджетке 853 млн теңге салық төлеген

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ұлттық лотереяның жалпы түсімі 57,8 миллиард теңгені құрады.

Бүгiн 2026, 10:13
АВТОР
 Tetra Images/Getty Images Бүгiн 2026, 10:13
Бүгiн 2026, 10:13
243
Фото: Tetra Images/Getty Images

Қазақстандағы ұлттық лотерея операторы – Сәтті Жұлдыз 2026 жылдың алғашқы тоқсанын жоғары қаржылық көрсеткіштермен қорытындылады. Компания үш ай ішінде мемлекет бюджетіне 853 миллион теңге салық аударған. Сонымен қатар әлеуметтік және қоғамдық жобаларға да қомақты қаражат бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экономист Айбар Олжай сөзінше,І тоқсанда спорт саласын дамытуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Дәл осындай көлемдегі қаражат Қазақстан халқына қоғамдық қорына аударылды. Ал креативті индустрияны қолдауға 309 миллион теңге бағытталған.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ұлттық лотереяның жалпы түсімі 57,8 миллиард теңгені құрады. Оның 47,5 миллиард теңгесі ұтыс қорына қайтарылған. Яғни жалпы түсімнің шамамен 82,2 пайызы қатысушылар арасында жүлде ретінде үлестірілген.

Бұл дегеніміз – лотереядан түскен әрбір 100 теңгенің 82 теңгесі қайтадан ойыншыларға ұтыс ретінде беріліп отыр деген сөз. Осы көрсеткіш қазақстандықтардың ұтысқа ие болу мүмкіндігінің жоғары екенін көрсетеді, - деп жазады ол.

Айлық динамикаға келсек, ең жоғары түсім наурыз айында тіркелген. Ол І тоқсандағы жалпы түсімнің 39,1 пайызын қамтамасыз еткен. Қаңтар айының үлесі 31,7 пайыз болса, ақпан айында 29,2 пайыз көлемінде қалыптасқан.

Наверх