Ұлттық киім, қолөнер, жәрмеңке: Астанада Маңғыстау облысының күндері өтеді

7 Қараша 2023, 13:12
762
Бөлісу:
Ұлттық киім, қолөнер, жәрмеңке: Астанада Маңғыстау облысының күндері өтеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астанадағы Маңғыстау облысының күндерінде қандай іс-шаралар өткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов мәдени күндер қалай ұйымдастырылатынын айтып берді.

7-9 қараша күндері Елордада Маңғыстау өңірінің «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты күндері өтеді. Елорда төрінде маңғаз мекеннің мәдени жауһарлары жұртшылық назарына ұсынылып, ата салт, дәп-дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықты ұлықтаған өлке өнерпаздарының өнері паш етіледі. Үш күнге жалғасатын мәдени-рухани шаралар аясында астаналықтарға арнап театр қойылымдары сахналанып, маңғаз Маңғыстаудың мақамды жыр-дастаны, өңір өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі, сондай-ақ әдеби-сазды кештер мен салтанатты жиындар ұйымдастырылады, - деді ол.

«Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі!» Маңғыстау облысының Астана қаласында өтетін күндерінің бағдарламасы мынадай:

  • 7-8 қараша күндері сағат 10.00-12.00 «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының балаларға арналған қойылымдары өтеді.
  • 7 қараша күні сағат 15.00 Қазақ Ұлттық өнер университеті залында «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» күй кеші өтеді.
  • 7 қараша күні сағат 18.30 М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Е. Аманшаевтың «Құбылу» спектаклін Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының актерлары сахналайды.
  • 8 қараша күні сағат 10.00-17.00 Достық үйінде Маңғыстау өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
  • 8 қараша күні сағат 11.00 Достық үйінде «Маңғыстау - ұлттық құндылықтар құндақталған мекен» рухани шарасы өтеді.
  • 8 қараша күні сағат 17.00 Бейбітшілік және келісім сарайында Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология, Маңғыстау қазақтарының ХХ ғасырдағы ұлттық киім үлгілері көрмесі, Н. Мұхановтың «Күмбірлейді күмістер» коллекциясынан көрме және қолөнерші Алдаберген Тіленбаевтың сүйектен жасалған картиналарының көрмесі өтеді.
  • 8 қараша күні сағат 19.00 Бейбітшілік және келісім сарайында Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мәдени күндерінің ашылу салтанатының гала-концерті өтеді.
  • 9 қараша күні сағат 15.00 Еуразия ұлттық университетінің залында «Ақиық өлке, алғи-жыр» атты маңғыстаулық ақын-жазушылардык әдеби сазды кеші өтеді.
  • 9 қараша күні сағат 18.30 М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының ұжымы М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» спектаклін сахналайды.
  • 9 қараша күні сағат 19.00 Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Мерейлі мекен - Мұнаралы Маңғыстау» атты М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің концерті, Маңғыстау күндерінің жабылу салтанаты өтеді.
Өзгелердің жаңалығы