Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

1 Наурыз 2022, 11:50
2367
Бөлісу:
Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  5 наурызда сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында жатыр мойыны обырының ерте нысандары мен ісік алды ауруларын ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.⠀
 

Акция жатыр мойыны обыры дамуының негізгі себебі болатын адамның папиллома вирусымен күресудің Дүниежүзілік күні аясында өткізіледі.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - жатыр мойыны обырының алдын алу және ерте анықтау, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Ашық есік күні кезінде барлық тілек білдірушілер онкогинеколог дәрігерінен тегін кеңес ала алады. Көрсеткіштерге сәйкес дәрігер онкоцитологияға жағынды алып, кіші жамбасты ультрадыбыстық зерттеу тағайындайды, оның нәтижелері бойынша сіз дәрігердің ұсыныстарын аласыз, - делінген таратылған ақпаратта.

Сапалы және уақытылы кеңес алу және эпидемияға қарсы шараларды сақтау үшін тиісті ережелер сақталады. Дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылып, уақыты белгіленеді. ЖРВИ белгілері бар адамдар Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді.

Кез келген қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуде уақыттың қымбат екенін ұмытпаңыз.

 

Өзгелердің жаңалығы