Ұлттық ғылыми онкология орталығында ашық есік күні өтеді

<p style="text-align:justify;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығында өңеш пен асқазан аурулары бар науқастарға арналған Ашық есік күні өтеді.</p>

 23 Шілде 2022 2022, 12:45
23 Шілде 2022 2022, 12:45
2219

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығында өңеш пен асқазан аурулары бар науқастарға арналған Ашық есік күні өтеді.

Аталған іс-шара 2022 жылдың 30 шілдесінде ҰҒОО-ның Консультативті-диагностикалық орталығында өтеді.

ҰҒОО жоғары білікті дәрігерлері өңеш пен асқазанның қатерлі ісіктерінің алдын-алу және ерте диагностикалау мақсатында 18 жастан асқан барлық қызығушылық танытқан науқастарға сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін дәрігерлік кеңестер өткізеді.

Іс-шараға қатысу үшін алдымен онколог маманының, абдоминальды хирургтың қабылдауына жазылу керек. 

Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлік пен алдыңғы қарап-тексерулердің медициналық қорытындылары болуы керек (бар болған жағдайда).

Наверх