Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды

27 Тамыз 2024, 12:09
444
Бөлісу:
Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды
PHOTO
Фото: автордан

Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы сайланған академиктерді ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыруы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі ғылым мен білім саласына тоқталып өтіп, жас ғалымдарға сәттілік тіледі.

Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды

Бүгінде Қазақстандық ғаламдардың ғылыми зерттеулері және өнертабыстары ел игілігіне айналды. Бұл саланы түбегейлі реформалап, әлемдік бәсекеге қабілетті тұғырлы деңгейге көтеруге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айырықша қолдау білдіріп, Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Соның нәтижесінде 2023-2025 жылдың аралығында ғылымды қаржыландыру көлемі 643 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2023 жылы 125 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп. Әрине, ғылымды қолдау осымен тоқтап қалмайды. Ғылымды дамыту ғалымдарды қолдаудан басталады. Жақында ғана жас ғалымдар Мемлекет басшысының қолынан пәтер кілтін алды,- деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды

Іс-шараға 40-тан аса ЖОО ректорлары мен 50-ге жуық ғылыми зерттеу институттарының басшылары мен ғалымдары қатысты. Сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясына сайланған академиктерге төсбелгі табысталды.

Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды

Көрнекті ғалымдардың жетістіктерін дәріптейтін және мемлекет дамуындағы ғылымның маңызды рөлін айғақтайтын бұл оқиғаның Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы үшін маңызы зор. Жас ғалымдарға қажырлы қайрат, табыс тілеймін. Ұлттық ғылым академиясының сайланған мүшелері ресми түрде таныстырылды. Алдағы уақытта еліміздің ғылым саласына қосар үлесіміз мол болмақ,- деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды
Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды
Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды
Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы