Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілденің бірінші жексенбісі Павлодарлықтар Ұлттық домбыра күнін атап өтті.
Кәсіби күйшілермен жас домбырашылардан құралған өнерпаздар қала бойы көшпелі концерт ұсынды.
Павлодар облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы ерекше жобаны жүзеге асырды. Бір күнде қаланың бірнеше бөлігінде көшпелі концерт ұйымдастырды.
Концерттер қала бойынша 7 саябақта өтті. Олар: Усолка шағын ауданындағы НЗМ-нің жанындағы саябақ, қалалық орталық саябақ, Гагарин паркі, «Batyr Mall» сауда орталығы, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының саябағы, Өзен порты, Естай атындағы ҚМС - Естай ақынның ескерткішінің алды.
Ұлттық домбыра күнін атап өз деңгейінде атап өту, қазақтың ұлттық аспабын, қасиетті қара домбыраны көпшілік қауымға насихаттау, қала көшелерінде ұлттық өнерді, дәстүрлі ән, күй, жыр-термелерді әуелету, дәріптеу, көрермендер аудиториясын максималды ауқымда қамту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара соңы «Ertis Promenade» сахнасында қортындыланды. Онда Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті және облыстық «Шаңырақ» орталығының «Qagan» этно-фьюжн тобы кешті қыздыра түсіп жиналған үш мыңнан аса халыққа, ұлтық бағыт пен заманауи бағытты ұштастырған әуезді кеш ұсынды.