Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының қызметкерлерді құзыреттерді тұрақты арттыруға ынталандыру және олардың біліктіліктерін тану мәселелерін реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша жүйелі жұмыс істеп жатыр.
Қазақстандық қоғамның даму үрдістері, өндірістің жаңа түрлерінің және жұмыспен қамту түрлерінің пайда болуы экономиканың түрлі бағыттарында білікті кадрларға жаңа сұраныс қалыптастырады. Жұмыс берушілер тарапынан дайындық деңгейі мен дағдыларға қойылатын талаптардың артуы көбінесе жұмысқа орналасуға мұқтаж мамандардың кәсіби құзыреттеріне сәйкес келмейді.
Еңбек нарығының теңгерімділігін және мамандардың біліктілігінің жұмыс берушілердің сұранысына сәйкестігін реттеу үшін кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жүргізілуде. Бұдан әрі олар мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін білім беру мекемелерінің оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және қайта қарау бойынша жобалау командаларын үйлестіру, әдіснамалық қолдау және сүйемелдеу мақсатында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ базасында осы жылдың мамыр айында барлық салалық мемлекеттік органдарды, «Атамекен» ҰКП мен жұмыс берушілер қауымдастығын тарта отырып, ҰБЖ дамыту жөніндегі жобалау кеңсесі құрылды.
2022-2025 жылдар аралығында экономиканың басым салаларын: білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, әлеуметтік сала, көлік және логистика, туризм, құрылыс және т. б. өзекті кәсіби стандарттармен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізу жоспарлануда. Талап етілетін мамандықтар бойынша мамандарды сапалы даярлау үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын ескере отырып, кәсіби біліктіліктерді бағалау және тану жүйесі дамитын болады, – деді Жобалық кеңсенің басшысы Ерасыл Жұманбаев.
Жобалық кеңсе қызметі шеңберінде сарапшы-әдіскерлердің қатысуымен мемлекеттік органдардың жұмыс топтарымен күнделікті кездесулер, сондай-ақ ЕХӘҚМ басшылығының төрағалығымен басқарушы комитеттің апта сайынғы отырыстары өткізіледі.