Ұлттық банк төрағасы: Ресей санкциясы Қазақстанның тауар жеткізуіне кедергі болды

15 Маусым 2023, 11:17
898
Бөлісу:
Ұлттық банк төрағасы: Ресей санкциясы Қазақстанның тауар жеткізуіне кедергі болды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Ресейдегі санкция Қазақстандағы тауар жеткізу жолдарының қалпына келуіне кедергі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді.

Былтыр Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторы белгісіздік жағдайына тап болды. Геосаяси дағдарыстың салдарынан әлемдік экономиканың өсімі 6,2%-дан 3,4%-ға дейін баяулады. Ал, инфляция соңғы жылдардағы рекордтық деңгейге жетті. Осыған байланысты елдегі экономикалық белсенділік те баяулады. 2021 жылғы 4,3%-бен салыстырғанда, жалпы ішкі өнім 2022 жылы 3,3%-ға өсті, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Айтуынша, осыған қарамастан, биыл жыл басынан бері әлемдегі экономикалық белсенділік оң үрдісті көрсетіп отыр.

Бұл іскерлік белсенділік индекстерінде көрініп отыр. Біз осы жағдайдың елде де болғанын байқадық. 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,5%-ға бағаланды. Өткен жылы азық-түлік пен шикізат бағасының әлемдік деңгейде өсуінен, жоғары инфляциялық күтулерден және фискалдық ынталандырудан Қазақстанда инфляция жеделдей түсті. Әлемдегі логистикаға қатысты жағдайдың жақсаруына қарамастан, санкциялар мен батыс елдері компанияларының Ресейден кетуі Қазақстанда тауар жеткізу жолдарының қалпына келуіне кедергі болды. Осы жағдайлар қосымша проинфляциялық қысым көрсетті. Сөйтіп 2022 жылдың соңында инфляция 20,3%-ға жетті. Азық-түлік бағасының өсімі инфляцияға едәуір үлес қосты, - деді Ғалымжан Пірматов.

Өзгелердің жаңалығы