Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық банк ерекше коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады

14 Қазан 2025, 21:10
528
Бөлісу:
 ҚҰБ баспасөз қызметі
Фото: ҚҰБ баспасөз қызметі

Ұлттық банк ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан Ұлттық банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Коллекциялық монеталар 2025 жылғы 15 қазаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы

Монета Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға арналған. Монета дизайнында батыр бейнесі портрет түрінде бейнеленген.

Brilliant uncirculated дайындау сапасымен, мельхиор (МН 25) қорытпасынан жасалған номиналы 200 теңгелік монеталардың салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 10 000 (он мың) дана.

Монетаның бейнесі 

Ұлттық банк ерекше коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады

Барлық монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің кез келген түрінде қабылдануға міндетті. Сондай-ақ оларды елдегі барлық банкте банк шоттарына аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Конституцияның 30 жылдығына орай коллекциялық монеталар сатылымға шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы