Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде ауыс-түйістер болды.Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Ал Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - делінген президенттің Өкімдерінде.