Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық банк: Әлемдік қымбатшылық Қазақстан инфляциясына қысым жасап тұр

Жансая ҚАМБАР
28 Қараша 2025, 12:58
527
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ұлттық банк әлемде азық-түлік бағасы қымбат болғандықтан, импорт арқылы Қазақстанға әсер етіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, Ресейде инфляция бәсеңдегеніне қарамастан, әлі де 4% нысанадан айтарлықтай жоғары болып тұр. Сондықтан Ресейдің Орталық банкі ақша-кредит саясатын, мөлшерлемелерді қатаң күйде ұстап отыр.

Өз кезегінде, АҚШ Орталық банкі жоғары белгісіздік жағдайында экономикадағы өсімнің бірқалыпты қарқынын, еңбек нарығының төмендегенін және нысанадан жоғары болып тұрған инфляцияның өсе түскенін атап, сақтық сақтап отыр. Еуропа Орталық банкі риторикасы да “ұстамды” күйде, мөлшерлемені тағы да сақтап қалды. Алдағы уақытта саясатты жеңілдету қарқыны неғұрлым баяу болады деген болжам бар, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сондай-ақ негізгі шешім қабылдау кезіндегі болжамдарды жаңарту аясында базалық сценарийде Brent маркалы мұнайдың бағасы болжамды кезеңнің соңына дейін орта есеппен 1 баррель үшін 60 АҚШ доллары деңгейінде сақталды.

Өзгелердің жаңалығы