Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Кеше, 21:12
168
Бөлісу:
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: Ұлттық архив

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті және ҚР Ұлттық архивінің ұйымдастырумен «Архив – 2025: Нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның мақсаты - Отандық және шетелдік архивтерде, музейлерде, кітапханалар мен ғылыми орталықтарда сақталған Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды елімізге алып келіп, Ұлттық архив қорын толықтыруға және ғылыми айналымға енгізуге бағытталған «Архив-2025» жобасы аясында жасалған жұмыстарды жан-жақты талқылау.

Конференцияға республикалық және барлық өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, тарих қауымдастығының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Сонымен қатар «Архив-2025» жобасы аясында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Ресей Федерациясы, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия және т.б. мемлекеттерден әкелінген «Студент Жұмабаев Мағжан Бекенұлының жеке ісінен. 1923-1925жж», «1334 жылы сұлтан кезінде Әз Жәнібек ханға арналып жазылған тарихи қолжазба», «918 жылы Темір ханның Сайбек ханға елші жіберіп Бұрындықпен мәмілеге келуі туралы», «Қазақ даласындағы көне қалалар көрінісі. 1784 ж», «Қазақ көшіне қатысты қабылданған шешімдер, оларды Кашмирге қабылдау.( Орта Азиядан көшкен 3000 қазақ мәселесі)» құжаттардың көшірмелері қойылды.

Конференция барысында орыс тіліндегі құжаттар жинағының тұсаукесері  де өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы