Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық архивте "Ашық есік күні" өтеді

19 Қыркүйек 2025, 17:56
997
Бөлісу:
 Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві
Фото: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-і «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы негізінде 2025 жылдың 19 қыркүйек күні «Ашық есік күнін» өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс шараның мақсаты - тұғырлы тұлғалар мен қазақ халқының төл тарихына қатысты құнды құжаттарды ұрпақтар санасында жаңғырту, сондай-ақ еліміздің тарихы мен мәдениетін білуге ынталандыру арқылы жастардың патриоттық сезімін ояту.

Ашық есік күні аясында саяси қуғын-сүргін, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы еліміздің тарихынан сыр шертер көрме ұйымдастырылады. 

Сонымен қатар көрмеге жеке тек қор иелері профессор, медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Батпеновтің, ғалым, этнограф, профессор Әлкей Марғұланның құнды қолжазбалары қойылады. Бұдан бөлек сканер технологиясын қолдану арқылы құжаттарды цифрлау жұмыстарымен таныстыру, әдеби викториналар мен интелектуалды ойындар өтеді.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшылығы, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері, Астана қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің, мектеп-лицейлердің оқушылары мен Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Халықаралық университеті студенттері, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Өзгелердің жаңалығы