Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады.
Оның айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы базалық қызметтерге тең қолжетімділікті және еліміздің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл өңірлер арасындағы қатынасты және өңірлер ішіндегі елді мекендердің бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді.
Осы бағыттарды іске асыру шеңберінде 4 міндет, 20 көрсеткіш және 94 іс-шара көзделген. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 7,6 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджетте 4 трлн теңгеден астам. Ал жергілікті бюджеттерде 786 млрд теңге қаражат қарастырылған. Бұл қаражат шамамен 2,8 трлн теңге жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, - деді Ұлттық экономика министрі.
Сондай-ақ ұлттық жоба бірнеше бағытты қамтитын көрінеді.
Соның ішінде 13,5 трлн теңге тұрғын үй құрылысына инвестициялар тартылады. 16 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Еске сала кететін жайт, бұған дейін елімізде 5 мұнай-газ-химия зауыты пайдалануға берілетіні туралы айтылғанын жазған болатынбыз.