Ұлттық жоба даму жоспарының басымдықтарын қамтиды

19 Қазан 2021, 15:28
3438
Бөлісу:
Ұлттық жоба даму жоспарының басымдықтарын қамтиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисінің жетекшісі Арман Евниев хабарлады. 

Оның айтуынша, жобалар Ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

Биыл 7 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 Ұлттық жобаны бекіткені белгілі. Жобалардың мақсаты – Ұлттық Даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын жүзеге асыру. Офис қызметкерлері мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың ағымдағы штатты қызметкерлерінің қатарынан жасақталған, - деді офис жетекшісі Арман Евниев.

Сондай-ақ жобалық басқару тәсілі нәтижелердің өлшенбелі мақсатты көрсеткіштері мен индикаторларына, жоспарлы мақсатқа қол жеткізілмегені үшін жауапкершіліктің нақты кімге жүктелетінін айқындап алуға болатындығын алға тартты.

Жобаларды жүзеге асыруға мүдделі барлық тарапты жұмылдыру және олармен тығыз серіктестік орнатуға, сонымен қатар Agile принциптері негізінде апта сайынғы спринттер негізінде қарқынды жұмыс ырғағын қалыптастыруға назар аударылады, - деп отыр Арман Евниев.

Сонымен қатар мемлекеттік басқаруда мұндай инновациялық көзқарас бұрын-соңды қолданылмаған және нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға тиісті қаулының бекітілуі себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы