Ұлттық және мемлекеттік ЖОО-лар сатылмайды - Президент

22 Қазан 2020, 13:18
1664
Бөлісу:
Ұлттық және мемлекеттік ЖОО-лар сатылмайды - Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты.

Менің тапсырмама сәйкес, ЖОО-ның құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптеген ЖОО коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде түрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ ірі мемлекеттік ЖОО кеңінен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай, Ұлттық және мемлекеттік ЖОО сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін, - деді Президент Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн отырысында.

Ол айтқандай, бұл мәселе айрықша назарда.

Осы жылы білім беру жүйесі қиындықтарға тап болды. Пандемия мектептердегі мәселелер мен цифрлық инфрақұрылымдық дамудағы, сондай-ақ, оқушыларды компьютермен қамтамасыз етудегі теңсіздікті айқындап берді. Бұл мәселелер кезеңімен шешіліп жатыр. Мемлекет мектептерде сапалы білім беру процесін ұйымдастыруы үшін қажетті барлық шараны қабылдап жатыр. Осы ретте мектеп білімінің мазмұндық бөлігіне баса назар аударуды сұрағым келеді. Халықаралық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, оқушылардың оқу сауаттылығы лайықты деңгейде емес. Сондықтан оқудың мәдениетін қалыптастыру, енгізу, оқу сауаттылығын дамыту мектептердегі білім процесінің маңызды бағыттарының бірі болуы керек, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы