Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсуге ниетті талапкер көп

4 Тамыз 2021, 20:49
3902
Бөлісу:
Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсуге ниетті талапкер көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде магистратура мен докторантураға, сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясының әскери оқу орындарына түсетін үміткерлер үшін оқуға түсу емтихандары өткізілуде.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Үміткерлердің жалпы саны 400-ден астам. Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға қабылдау жоспарына сәйкес 166 магистрант іріктелетін болады.

Магистратураға түсетіндер бейіні және дене шынықтыру дайындығы бойынша, докторантураға түсетіндер бейіні және шет тілі бойынша емтихан тапсырады.

Алынған рейтингілік балды ескере отырып, оқуға қабылдау комиссиясы Ұлттық қорғаныс университетіне және Ресей Федерациясының әскери оқу орындарына қабылдау үшін үміткерлерді қарайтын болады, – деді емтихан комиссиясының төрағасы, полковник Мұрат Әбдімәліков.

Өткен жылдан бастап магистратураға емтихандарды қажеттілігіне қарай Қарулы Күштердің және әскер тектерінің өкілдері қатарынан құрылған комиссиялар қабылдайды.

Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсу әрбір әскери қызметшінің арманы деп ойлаймын. Өйткені, осы білім ордасында алынған білім қызметте кезең-кезеңімен жоғары көтерілуге мүмкіндік береді. Әрбір офицер – дұрыс мансаптық өсе алатын адам, мен де солардың бірімін, – деп өз ойымен бөлісті оқуға түсуге үміткер майор Мақсат Қатшыбаев.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде әскери кадрлар даярлау магистратураның 9 мамандығы және докторантураның 3 мамандығы бойынша 10 факультет пен 27 кафедрада жүзеге асырылады.

 

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы