Ұлттық қордан трансферт тарту өсті

9 Маусым 2021, 11:01
2327
Бөлісу:
Ұлттық қордан трансферт тарту өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжіліс отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Мемлекеттік кірістерге тоқталған министр трансферттерді есепке алмағанда, жоспар 22 млрд теңгеге артығымен орындалғанын атап өтті. 

Оның айтуынша, бюджетке 6,6 трлн теңге түсті. Салық түсімдері 5 трлн 576 млрд теңгені құрап, жоспар 100,3%-ға орындалды. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнайға салынатын экспорттық кедендік бажға тиесілі.

Сонымен қатар жоспар қосылған құн салығы бойынша 256 млрд теңгеге атқарылмаған. Бұл қосылған құн салығын қайтарудың өсуіне, өткізу бойынша айналымының азаюына және елдің сыртқы саудасының төмендеуіне байланысты болды. Коронавирус дағдарысы жағдайында Ұлттық қордан трансферттер тартудың өскені орын алды. оның көлемі бюджет кірістерінің 45%-тін құрады. Бұл ретте қосымша соманы есепке алмағанда, бюджет кірістерінің құрамындағы трансферттердің үлесі өткен жылдар деңгейінде сақталды, - деді министр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Жамаубаев өткен жылы бюджеттің басым бөлігі қолдау шараларына жұмсалғанын айтты.


Өзгелердің жаңалығы