Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің онлайн-кездесуі өтті

21 Қараша 2020, 12:15
1437
Бөлісу:
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің онлайн-кездесуі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің онлайн-кездесуі өтті. Модератор - ҚР Президентінің кеңесшісі, Ұлттық Кеңестің хатшысы Ерлан Карин болды. 

Кездесу барысында Аида Балаева министрлік қызметінің негізгі бағыттары мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы айтты. Жиын диалог, сұрақ-жауап форматында өтті.

Ұлттық кеңес мүшелері Михаил Дорофеев, Қанат Сахариянов, Асхат Садырбай, Қайырбек Арыстанбеков, Марат Башимов, Арманжан Байтасов, Асылбек Қожахметов квазимемлекеттік секторға қоғамның қатысуы, қоғамдық телевизияны дамыту, гранттық жобалардың тиімділігі, жастар саясатындағы стратегиялар, кәсіби журналистиканы дамыту, министрлер мен әкімдердің ашықтығын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстары мен пікірлерін айтып, кездесу ақпараттық және сындарлы болғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы