Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді – Қарин

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді. Енді Кеңеске 48 қоғам қайраткері мүше болады (бұрын 44 болатын).&nbsp;</h4>

10 Шілде 2021 2021, 11:33
АВТОР
 10 Шілде 2021 2021, 11:33
10 Шілде 2021 2021, 11:33
1695

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин жазды. 

Енді Кеңеске 48 қоғам қайраткері мүше болады (бұрын 44 болатын). 

Ұлттық кеңестің құрамына Маңғыстау облысынан қоғам қайраткері Уайс Ерсайынұлы, белгілі саясаттанушы Бурихан Нурмухамедов, кәсіпкер, «Аltyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді. Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан Ауыт Мұқибек шығарылды. Ауыт ағамызға бірлесе атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіреміз, - деп жазды ол.
Қазір Ұлттық кеңестің алтыншы отырысына дайындық аясында ҰҚСК мүшелерінің өңірлердегі көшпелі жиындары ұйымдастырылуда.

Көшпелі отырыстың бағдарламасына сәйкес ҰҚСК мүшелері қоғамдық кеңестердің өкілдерімен, қоғам белсенділерімен, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездеседі.

Соның қорытындысы бойынша Ұлттық кеңестің келесі отырысында қаралатын ұсыныстар әзірленетін болады.

Наверх