Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қаржы секторын дамытуға жәрдемдеседі

23 Ақпан 2021, 09:58
1201
Бөлісу:
Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қаржы секторын дамытуға жәрдемдеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Ұлттық банктің Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қою бойынша бастаманы қолдайтынын айты.

Келісімде ақша-кредит, салық-бюджет саясатын және құрылымдық саясатты, сондай-ақ орнықты экономикалық өсу, жұмыспен қамту және баға тұрақтылығы бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін қаржы секторын дамыту саясатын үйлестіру мақсатында 3 мүдделі тараптың бірлескен міндеттемелері көзделді. Ұлттық банктің қызметі инфляцияны біртіндеп төмендетуге бағытталатын болады, бұл экономикадағы белгісіздікті төмендетеді және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді жинақтардың тартымдылығын қамтамасыз ете отырып және бизнеске ұзақ мерзімді инвестицияларды жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оның тұрақты өсуіне ықпал етеді, - деді ол.

Досаевтың айтуынша, ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру үшін Ұлттық банк өтімділікті реттеу тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдамақ. 

Үкіметпен мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығын дамыту жөніндегі бірлескен шаралар экономиканың қажеттіліктері үшін нарықтағы өтімділікті тиімді пайдалануға ықпал ететін болады. Өтімділікті тиімді байланыстыру бағамға және инфляцияға қысымды төмендете отырып, қаражаттың валюта нарығына әкетілуін болдырмайды. Фискалдық саясаттың контрциклдылығын арттыру шеңберінде Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп 2022 жылдан бастап фискалдық тәртіпті және экономиканың сыртқы күтілмеген өзгерістерге бейімділігін арттыратын жаңа бюджеттік қағидаларды енгізуді қамтамасыз етеді, - деді ол.

Төраға Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қаржы секторын дамытуға жәрдем көрсететінін жеткізді. Оның мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  2022 жылдан бастап ұлттық тауар өткізу жүйесімен одан әрі ықпалдастыра отырып, әлеуметтік әмиянды енгізу жоспарлануда.

Мезеттік төлемдер жүйесін дамыту арқылы ұлттық төлем жүйесін құру және төлем карточкаларының банкаралық жүйесін ұйымдастыру жұмысы жалғасады. Бұл халық пен бизнес үшін транзакциялық шығындарды төмендетуге, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және қаржы нарығындағы бәсекелестікті кеңейтуге мүмкіндік береді, - деді Досаев.
Өзгелердің жаңалығы